Патриоттық рухтағы шара

Ұлы Жеңістің 73 жылдығы мен ҚР Қарулы Күштерінің 26 жылдығына арналған салтанатты шара Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің әскери дайындық кафедрасы қызметкерлері мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен өтті.

Университет ректоры медицина ғылымдарының докторы, профессор Ерсін Тұрсынханұлы Жүнісов Ұлы Жеңістің 73-ші көктемін көруге жеткен Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтап, бейбіт өмір үшін шексіз алғысын айтты. Мерекелік сыйлықтарды да тарту етті. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 30217 және 32355 әскери бөлімдерінің командирлерін, Семей қаласының әскери госпиталь бастығын, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының гарнизондық офицерлер үйі мен Семейдегі дарынды балалардың Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» ерлер лицейінің ұжымдарын жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі зор үлесі үшін марапаттады. ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, Анголадағы жауынгерлік қимылдарға қатысқан запастағы генерал-майор Александр Мартынов әскери кафедраның қоғамдық жұмысында белсенді, әрі оқуда да үздік 13 студентке мақтау грамотасын табыстады. Ұлы Отан соғысының ардагері Ғабдулғазиз Ахмеров соғыс жылдарындағы Отанын қорғау жолында жанын пида еткен ұл-қыздардың ерлігі және егемен еліміздің азат армиясы туралы әңгімеледі.

   Салтанаттың соңы әскери дайындық кафедрасында оқитын студенттердің, гарнизондық офицерлер үйі мен «Жас ұлан» ерлер лицейінің концерттік бағдарламасына ұласты. Айта кетейік, әскери кафедра жыл сайын ҚР ҚК қатарындағы қызметке шақыруға жарайтын қордағы медицина қызметінің 100 офицерін дайындап шығарады.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суреттерді түсірген автор

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"