Параолимпиадалық спортшымен жүздесті

Өскеменде мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған әскери қызметшілердің отабсыларының параолимпиадашы Диас Ескермесовпен кездесуі өтті.

Іс-шараны әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет ұйымдастырды. Диас Ескермесов «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының жас қатысушысы болып табылады. Ол 2014 жылғы «Д. Хоперии атындағы кубок» ат спортынан мүгедектер арасындағы ашық турнирдің алтын медаль иегері. 2015 жылдың шілдесінде Диас Лос-Анджелесте өткен Бүкіләлемдік жазғы арнайы Олимпиада ойындарында еліміздің намысын лайықты түрде қорғады. Онда үш сайыста «алтын», «күміс» және «қола» жүлдені жеңіп алды. Одан басқа, жас спортшы 2020 жылы Токиода өтетін параолимпиадалық ойындарға жолдама иегері атанды. Ол сондай-ақ 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде армрестлингтен Қазақстан Республикасының чемпионы мен Азия чемпионатының күміс жүлдегері болып табылады.

«Төрт жыл бойы мен ат спортымен шұғылданып жүрмін. Ең басында мен аттың үстіне терапия үшін отырдым. Бір жылдан кейін маған сайсықа қатысуға ұсыныс білдірді. Барлық турнирлерге жете дайындалдым және нәтижесінде жоғары нәтижелерге қол жеткіздім. Жеңіс тұғырынан көрінген маған ұнайды. Өмір – бұл ешқашан қол қусырып отыруға болмайтын күрес. Баршаларыңызға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізіп, ең бастысы өздеріңізге және күштеріңізге сенулеріңізді тілеймін», - деп Диас Ескермесов өз ойымен бөлісті. Кездесу қорытындысы бойынша спортшы гарнизонның жеке құрамына ыстық ықылас танытып, ұдайы қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"