Оралда арнайы мақсаттағы бөлімшелерге арналған катер суға түсірілді

Оралда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне арналған алғашқы жаңғыртылған катер суға түсірілді. Ол Қазақстанның Әскери-теңіз күштеріне арналған мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың құрамына кіретін «Зенит» отандық зауытымен әзірленген.

Жаңа кеменің негізгі арналуы айлақтық аймақта және теңіз экономикалық қызмет объектілерінің ауданында суасты диверсиялық күштерге қарсы іс-қимыл жасау жөнінде арнайы мақсаттағы бөлімшелердің іс-қимылдарын қамтамасыз ету. Өзінің арналуына сәйкес тапсырмаларды орындау үшін кеме жауынгерлік жүзушілер мен оларды жеткізу құралдарының қозғалыс өлшемдерін анықтау, топтастыру және айқындау үшін аппаратурамен, сондай-ақ, заманауи байланыс және навигация құралдарымен жабдықталған. Катердің ұзындығы 13 м, ені 3,5 м, су алмасуы 12 тонна және тұнбасы 0,6 м құрайды. Оралда суға түсірілгеннен кейін катер зауыттық арқандап байлау, жүріс, қабылдау сынамаларынан өту және жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кірісу үшін Каспийге ауыстырылып, жеткізіледі. Бүгінде Каспий өңірінің геосаяси және экономикалық координаталар жаһандық жүйесіндегі мәні ұлғаюда. Ал Қазақстан Каспий маңындағы елдер секілді мұндағы өңірлік қауіпсіздіктің тұрақты жоғары деңгейін сақтап қалуға мүдделі. Осыған орай, мұндай жауынгерлік бірлікті пайдалануға беру еліміздің ӘТК үшін маңызды рөлге ие. Жаңа катер арсеналды толтырып қана қоймай, сонымен бірге, Әскери-теңіз күштерімен шешілетін тапсырмалардың шеңберін кеңейтуге, сондай-ақ, аталған әскер түрінің жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіріг уақытта Қазақстанның Әскери-теңіз күштері заманауи зымыран-артиллериялық корабльдерге, шағын күзет кемелері және катерлермен жабдықталғанын айта кеткен жөн. Аталмыш әскер түрі жылдан жылға біртіндеп дамып келеді. Әскери кадрларды даярлау деңгейінің артуымен бірге ӘТК қазіргі заманғы технологиялық қару-жарақ және әскери техникамен жарақтандырылуда.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"