Он бесінші қарашада Қазақстанның Қаржы жүйесінің қызметкерлері ұлттық валюта күні кәсіби мерекелерін атап өтеді

Он бесінші қарашада Қазақстанның Қаржы жүйесінің қызметкерлері ұлттық валюта күні кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Бұл ауқымдағы қызметкелердің басты сапасы – жоғары білімпаздық, ақыл-ой жүйесінің талдауға қабілеттілігі, ұқыптылық пен шыдамдылық. Сонымен қатар, азаматтық ұйымдардағы мамандарға қарағанда әскери қаржыгерлерге бірқатар қосымша талаптар қойылады. Олар әрдайым жауынгерлік әзірлікте болуы, қаруды дұрыс пайдалана білуі, дене бітімі жинақы болуы тиіс.
Қарулы Күштердің қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер Қорғаныс министрлігінің құрылымындағы Экономика және қаржы департаментіне жүктелген. Ондағы мамандар бюджетті жоспарлап, оның орындалуын бақылайды, бухгалтерлік және салық есебін жүргізіп, қаржы, зейнетақы мен басқа да жәрдемақы төлемдерін жүргізеді. Олардың құзырына – жеке құрамды материалдық ынтыландыру шараларын жетілдіру, ведомствалық ұйымдарды дамыту жоспарларын мониторингтеу кіреді.
Қорғаныс министрлігін қаржымен қамтамасыз ету құрылымына бюджеттік жоспарлау, қаржыландыру, бухгалтерлік есептілік, әдістемелер, еңбекақы, мониторингтеу, дамытуды жоспарлау бөлімдері мен ведомствалық ұйымдар есептері кіреді. Қарулы Күштердің түрлерінде және өңірлік қолбасшылықтарда бұл жұмыс командирдің қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшілеріне жүктелген.
Жыл сайынғы әскери қаржыгерлердің жиынында бухгалтерлік есептілік шеңберінде заңнамадағы өзгерістер, қаржы құжаттарын рәсімдеу туралы ақпарат беріліп, бюджет қаражатын игеру талқыланады, сондай-ақ өткен кезеңдегі жұмыстарға қорытынды шығарылып, келесі жылды қаржыландыруға міндеттер қойылады.
Карантин жағдайында әскери қаржыгерлер эпидемияға қарсы іс-шараларды уақытылы және толық қаржыландыруды қамтамасыз ету, төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге қатысқан медицина қызметкерлеріне үстемеақы және жеке құрамға сыйақы төлеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарды.
Қорғаныс ведомствасының сәттіліктері мен жетістіктері көбіне әскери қаржыгерлер қызметінің жинақылығы мен айқындылығына байланысты. Осы мақсатта олар уақытқа қарамастан бар күш-жігерлерін салып, аянбай еңбек етуде.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"