«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

«Абай – терең теңіз, алып мұхит, түбіндегі маржандарын алу үшін сүңги бересің, сүңги бересің. Мен бетіндегісін ғана қалқыдым» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, ғасырдан астам уақыт өтсе де ақынның аты өлмей, мұрасы өшпей, өзектілігін жоғалтпай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табуда

Шынымен де Абай – дара тұлға, шығармалары – өшпес мұра. Ақынның қысқаша өмірбаянын білмейтін адам кемде кем шығар, алайда ақынның болмыс-бітімін, өмір сүрген ортасын жетік білу үшін «Абай жолы» роман-эпопеясын қолға алсаңыз болды, бала Абайдан, дана Абайға дейін танисыз. Ақынның жолымен жүріп өткендей күй кешесіз...

Абай 10 жасынан бастап қолына қалам алып, өлең жаза бастаған екен. Алайда сол дәуірде аға сұлтан баласына өлең жазу қоғамда дұрыс қабылданбаған.Өлеңдерін басқа біреудің атынан жазып жүрген. Тек 1886 жылы қырық бір жасында Көкбайға бір ту бие беріп, өлеңімді өзіме қайтар деп, «Жаз» деген өлеңін тұңғыш рет өз атымен жария еткен екен.

Абай табиғат лирикасынан бастап білім, ғылым, еңбек, кісілік, адамшылық, надандық, жалқаулық, білімсіздікті де өлеңге, қара сөзге қосқан. Қазақ халқын білім-ғылым игеруге, талаптанып еңбек етуге, өнерлі болуға, жалпы адамшылық қасиеттерді жоғалтпауға шақырып, сол жолда күресіп келді. Өзінің бүкіл көңіл-күйін осы шығармаларымен білдіріп отырған.

Шығармаларында нақылға айналып кеткен асыл сөздер көптеп кездеседі, мысалы:

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дейді Абай, осы үш қасиет бір адамның бойында бірдей табылса, қасиетті адам сол дей келе, үшеуін біріктіретін ғылым дейді.

«Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», адамның тәрбиесіне бірінші оның ортасы әсер етеді, ортасы жақсы адамдардан болса, ғылымды игеріп, ақылмен қондырса, адамшылық қасиеті зор болмақ дейді.

Абайдың мақалаға айналып кеткен нақыл сөзі: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», ақын өзінің бар ғұмырында қазақ халқын еңбекке шақырды, «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын», «Еріншектік – күллі дүниенің дұшпаны» деп жалқаулықтан аулақ болуға шақырды. Көңілге сәуле шашатын нақылға айналып кеткен сөздері көп.

Ақынның шығармаларына үңілген сайын ақынның қаншалықты асқақ тұлға екенін тани түсесің, жылдар өткен сайын қазақ халқына қаншалықты жақын екенін сезесің. Абай өз заманында қазіргі заманды болжағандай көрінеді, өлең жолдарын оқыған сайын қазіргі қоғамда болып жатқан жайттар еріксіз көз алдыңа келеді, еріншек, жалқау, қанағатсыз, тоғышарлар, жеңіл жолмен, ұрлық-қарлықпен пайда тауып, пара беріп, айласын асырып жүрген, Абайша айтқанда «надандар» қоғамда жоқ емес, бар. Абайдың рухы сол адамдармен әлі де күресуде.

Дара, дана ақынның өлмейтұғын сөздері барлық кезеңдегі ұрпақты тәрбиелеуде басты рухани құрал болып қала бермек. «Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған...».

Азаматтық персонал Г.ЕЛЕМЕСОВА

31767 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"