Мерейлі мерекені атап өтті

Қазақстан Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне арналған меркелік іс-шара өтті.

Қорғаныс министрі мен еліміздің қорғаныс ведомствосы басшылығының атынан Қазақстан Қарулы Күштерінің қыз-келіншек әскери қызметшілерін Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Әмір Халықов көктем мерекесімен құттықтады.   Ол бірқатар әйел әскери қызметшілерге құрмет грамоталары мен медальдар табыстап, сондай-ақ, мерзімнен бұрын әскери атақтар берді және қазақстандық армияның нәзік жанды өкілдеріне мықты денсаулық. отбасылық береке және қажырлы еңбектеріне сәттілік тіледі.  Салтанатты жағдайдағы құттықтау мерекелік концертке ұласты. 

ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының сахнасында  Орталық әскери ансамбль мен қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Шығармашылық ұжымдар әйел әскери қызметшілерге арнап отандық және шетелдік сазгерлердің музыкалық шығармаларын орындады.  Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мерекелік шаралар салтанатты түрде Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде өтуде. Қазақстандық армияның нәзік жандыларын, яғни, үздік офицер мен сержант әйел әскери қызметшілерді атап өтіп, салтанатты түрде мадақтап, құттықтауда. Бүгінде әйел әскери қызметшілер сұлулықты, нәзіктікті, әсемдікті, күш пен батылдықты шебер ұштастыра отырып, ерлермен иық теңестіре әскери қызметтің ауыртпашылығын арқалауда.  Олардың мойнына отбасы мен ошақ қасы, отбасылық жылулықты сақтау жүктелген. Соған қарамастан, олар өздерінің адал әрі қажырлы еңбектерімен мықты және кәсіби қазақстандық армияның қалыптасуына қомақты үлес қосып келеді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"