«Мен Абайды оқимын» акциясы өткізілді

Қазақ халқының ұлы ойшылы, ақын, ағартушы, жазушы, тамаша қара сөздердің авторы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай іс-шараның бірі Ақтау гарнизонындағы 51809 әскери бөлімінде ұйымдастырылды. Шара санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып, «Мен Абайды оқимын» атты тақырыбында өткізілді.

Кеш Абай Құнанбаевтің өмірін сипаттайтын бейне материалмен басталды. Аталған шараға әскери бөлім басшылары мен мекеменің жеке құрамы толықтай қатысты.
«Ұлы ақын Абай мұрасының  халыққа, әсіресе жас буынға тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Оның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады», -  деді 51809 әскери бөлім командирі подполковник Әділ Сүбебаев.
Жарыс төрт бөлімнен тұратын сайыс түрінде өткізілді. Жеңімпаздар Абайдың қара сөздері, аудармалары, өлеңдері және поэмалары номинациялар бойынша жүлделерге ие болды және  көрермендер арасында белсенді әскери қызметшілер Абайдың өлеңдерін, әндерін толықтырып, кештің одан әрі қызықты өтуіне септігін тигізді.
51809 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Бақыт Сыдықов ұлы ақынның өмір жолы мен шығармашылық еңбегіне тоқталып өтті. Абайдың өсиет сөздері барлық тыңдармандарға, болашақ ұрпақтарға берер үлгісі мол екенін айтты.
Айта кетейік, шара соңында қазылық етушілер бөлім командирінің атынан жарыс жеңімпаздарын марапаттап, оларға Абайдың кітаптарын естелік ретінде табыстады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Мобильные, всепогодные, высокоточные: О перспективных РЛС контрбатарейной борьбы зарубежных стран

Мобильные, всепогодные, высокоточные: О перспективных РЛС контрбатарейной борьбы зарубежных стран

ЗРК «Тор-М2»: сила грома

ЗРК «Тор-М2»: сила грома