Мектепке есімдері берілді

Қазақ елінің атақты ұлдарының есімдерімен металлургтер қаласының екі оқу орны аталды.

Теміртаудағы №15 қазақ мектеп-гимназиясына қоғам және саяси қайраткер Әлихан Бөкейханның есімі берілді. Ол – «Алаш» ұлттық партиясының негізін қалаушылардың бірі. 1917 жылы Әлихан Бөкейхан Қазақ автономиясы үкіметінің басшысы болды.
Оқу орнының директоры Бағдат Нашкенов бұл бүкіл ұжым, оқушылар мен олардың ата-аналары үшін үлкен мақтаныш деп санайды.
Жаңа жыл қарсаңында мектепке мемлекетіміздің дамуының бастауында тұрған Әлихан Бөкейханның есімі берілді. Бұған өте қуаныштымыз, - деді Бағдат Нашкенов.
Сондай-ақ Теміртаудағы №23 мектепке белгілі қазақ қолбасшысы Бауыржан Момышұлының есімі берілді. Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін капитан Бауыржан Момышұлы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
Жергілікті биліктің мәліметінше, бұл атаулар – біздің еліміздің тәуелсіздігі үшін көп жұмыс жасаған ұлы ата-бабаларға деген құрмет.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Мобильные, всепогодные, высокоточные: О перспективных РЛС контрбатарейной борьбы зарубежных стран

Мобильные, всепогодные, высокоточные: О перспективных РЛС контрбатарейной борьбы зарубежных стран

ЗРК «Тор-М2»: сила грома

ЗРК «Тор-М2»: сила грома