Маңызды құжаттың негізгі бағыттары түсіндірілді

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс және тұрмыс сапасын арттыру» атты Мемлекет басшысының халыққа арнаған кезекті Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

«Қазір жаңа уақыт, жаңа стратегиялық тапсырмалар мен еліміздің дамуының жаңа кезеңі. Баршамыз тәуелсіз мемлекетімізді дамытуға күш-жігерімізді салуға тиіспіз. Біз жауынгерлік әзірлікті жетілдіре және әскерлердің жауынгерлік даярлығын нығайта, өзіміздің кәсіби шеберлігімізді арттыра және шыңдай отырып, маңызды мемлекеттік басымдылық, яғни, ұлттық қауіпсіздігімізді күзетуде берік болуға тиіспіз», - деді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант М.Майкеев. Сондай-ақ, Жолдауда Президент айқындап берген негізгі бағыттарға жан-жақты тоқталып кетті. Іс-шараға профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ университеттің докторанттары мен магистранттары қатысты.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"