Командирлердің біліктілігін арттырды

Елордадағы Десанттық-шабуылдау бригадасының базасында 2019 жылға арналған ҚР Қарулы Күштерінің дайындық жоспарына сәйкес 2019 жылғы ақпанның 11-і мен 13-і аралығында жалпыәскери, артиллериялық бригада (полк) командирлерімен жиыны болды.

Аталмыш жиынның негізгі мақсаты командирлердің кәсіби деңгейін арттыру, әскерлерді басқару мәселелерінде офицерлердің шеберліктері мен машықтарын жетілдіру және әскерлердің күнделікті қызметін ұйымдастыруда бірыңғай көзқарасты пысықтау, әскери өнер аясында олардың білімдерін, дене даярлығы деңгейлері мен атыс даярлығы бойынша практикалық дағдыларын тексеру болып табылады.  Ондағы сабақтардың тақырыбы әлемдегі және Орта Азиялық өңірдегі әскери-саяси жағдайдың өзгерістерін, сондай-ақ әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен күнделікті қызметтерінің жүйелі тексерістерінің нәтижелерін ескере отырып, айқындалды.

Сабақтарда әскерлердің күнделікті қызметін ұйымдастыру, қарулы күрестің сипатының өзгерістерін ескере отырып, қорғаныс және шабуылдау операцияларын жүргізуге ерекше назар аударылды. Одан басқа, әрбір командир әскери өнер, дене даярлығы, атыс даярлығы және жиын ішінде барлық зерделенген тақырыптар бойынша кешенді емтихан бойынша сынақтар тапсырды.  Оқу-әдістемелік жиын өзара іс-қимылды ұйымдастыру және әскерлерді басқару, өздерінің функционалдық міндеттерін орындауда офицерлердің практикалық машықтарын дамыту, оқытудың озық әдістерін тарату мәселелерінде шеберліктерін жетілдіру бойынша маңызды іс-шара болып табылады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"