Командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жетекшілік етуімен Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық қорғаныс бригадасымен командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өткізілуде.

Командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуының басты оқу міндеттері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде аумақтық қорғаныс бригадасының жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі, Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайдың салдарын жою кезінде бригаданы басқарудағы үйлесімділіктің жай-күйін тексеру болып табылады. Оқу-жаттығу барысында бригада бөлімшелері командирлерінің міндеттерді іс жүзінде пысықтау, оқу-жаттығудың кезеңдері бойынша жағдайды өрістету, көктемгі кезеңде төтенше жағдайлардың салдарын жоюға тартылатын басқару органдары мен бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру жоспарланды. Аталмыш оқу-жаттығу республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға қатысу үшін аумақтық қорғаныс бригадасын дайындау мақсатында жоспарланды. Аумақтық қорғаныс бригадасының маңызды міндеті елді мекендерді, маңызды нысандар мен коммуникацияларды, сондай-ақ жергілікті халықты күзету мен қорғау болып табылатынын айта кету қажет.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"