Көрермен көңілін баурайтын шаралар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу шеңберінде Қорғаныс министрлігі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді дамытуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Дәлірек айтқанда, 1-ші желтоқсаннан бастап Ұлттық әскери-патриоттық орталықта ұдайы негізде заманауи Қазақстан армиясы мен Қарулы Күштердің құрылуында Жоғарғы Бас қолбасшының роліне арналған М.Б.Греков атындағы әскери суретшілер студиясы картиналарының көрсетілімі болады. Сондай-ақ, арнайы эффектілерді пайдалана отырып, «Орбұлақ шайқасы» диорамасы көрсетілмек. Қазақстанның ұлттық нышандарымен толтырылған бірегей 3D–mapping шоуды пайдалана отырып, проекциялық көрменің көрермен көзайымына айналады. Сонымен бірге алғаш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде ата-бабаларымыздың бүкіл тарихын қамтитын экспозициялар (картиналар мен жәдігерлер) ұсынылмақ. Одан басқа, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мереке күндері жаппай жас толымның әскери Ант қабылдау салтанатты рәсімдерін, Қарулы Күштердің ардагерлері, әскери қызметшілер және жауынгерлік оқу озаттарының қатысуымен ашық есік күндері ұйымдастырылады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"