Көкшетаудағы кәсіпорын көлігі көптің назарын аударады

Бәрімізге аян, биылғы жылы осымен төртінші рет өткізгелі отырған «KADEX- 2016» халықаралық көрмесіне 100-ден аса отандық компаниялар қатысады. Солардың қатарындағы еліміздегі «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ аталмыш көрмеде өз өнімін ұсынбақ.

 

«КАМАЗ Инжиниринг» акционерлік қоғамы – еліміздің теміржол, жол құрылысы, ауыл шаруашылығы мен тағы басқа салаларын дамытып отырған әлеуетті құрылым. Көкшетаудағы Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны жүк машиналарын, самосвалдар мен КАМАЗ шассиіндегі арнайы техниканы құрастырумен айналысады. Осыдан  он бір жыл бұрын іргетасы қаланған аталмыш өндіріс орнын қазір білмейтіндер кемде-кем.

Алғашқы кезде техниканың үш түрін құрастырған өндіріс орны бүгінде олардың санын 40-қа жеткізді. Яғни, қазіргі таңда Көкшетау зауытында уақыттың өскелең талабындағы «КАМАЗ» жүк көліктері мен арнайы техниканың 40-тан астам түрін игерді. Осы күнге дейін зауыт конвейерінен 10 мыңнан астам көлік шығарылды. Бұл көліктер бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Төтенше жағдайлар министрлігі, жол құрылысы және ауыл шаруашылығы саласында тиімділікпен пайдаланылуда. Қай салада болсын зауыт өніміне сұраныс жоғары.

«Біз тапсырыс берушілердің талабын толық қанағаттандыратын, барлық талаптарға сай келетін, сондай-ақ, жоғары сұранысқа ие арнайы техникаларды шығарамыз. Бастапқыда «Еуро-1» санаты бойынша көлік құрастырсақ, қазіргі көліктеріміз «Еуро-4» және «Еуро-5»  талаптарына сәйкес келеді. Зауытта әр екі сағат сайын бір көлік құрастырылады. Осылайша конвейерден күніне кем дегенде 4-5 техника шығады», - дейді инженер-технолог Марат Бектасов.

Алдында айтып кеткеніміздей, Көкшетаудағы «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ білікті мамандардың арқасында еліміздің күш құрылымдарына, коммуналдық салаға, мұнай-газ бен халық шаруашылығына қажетті арнайы техникаларды құрастырады. Соның ішінде Қазақстан Қарулы Күштерін жүк машиналармен қамтамасыз етіп келе жатқанынан көпшілік қазір хабардар.  «Ашылғаннан бері «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ ҚР Қарулы Күштеріне арнайы түрлі машиналар құрастырып, жеткізіп беруде. Мысалы, былтырдың өзінде штабтық машиналар және штабтық тіркемелердің 10 шақты түрі ведомствоға жеткізілді. Биыл да  тіркемесі бар жаңартылған штабтық машиналарды құрастырып, сол жобамен айналысудамыз. Негізі, қелісімге келіп, қажеттілік танытып жатса қай салаға болсын өнімімізді ұсына аламыз», - дейді технолог.

Иә, кәсіпорынның өндірістік қуаты бұған жетеді. Оның жылына 2000-ға жуық автокөлік шығаруға мүмкіндігі бар. Соңғы кезде зауыт басшылығы өнімде отандық үлестің мол болуына ерекше назар аударып отырғанын айту қажет. Оны еліміздің барлық аймақтарында жүйткіп жүрген «Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар арнайы техникалардан көз жеткізуге болады.

Осындай көліктерді біз жақында «KADEX- 2016» халықаралық көрмесінен де көретін боламыз. Өйткені, әлемнің әскери мақсаттағы өнім өндіретін кәсіпорындарымен бірге «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ өз өнімдерін ұсынуды жөн санапты.

«Біз аталмыш көрмеде «КАМАЗ-4326», «КАМАЗ-6520», «КАМАЗ-43502», «КАМАЗ-43114», «КАМАЗ-43118», «КАМАЗ-43502» және олардың шассейіндегі арнайы техникаларды, тіркемелерді ұсынамыз. Олардың өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары жоқ емес. Мысалы, жүктерді, адамдарды тасымалдауға арналған «КАМАЗ-4326» жүк көлігі екінегізді, дөңгелек аумағы  4×4 болса, ал, «КАМАЗ-43114» – үшнегізді жүк көлігі, дөңгелек аумағы – 6×6. Сол сияқты, өзге көліктердің де өзіндік сипаты бар. Бәріне ортақ қасиет – олар күн райын және жолды талғамайды. Тасымал үшін қолайлы, ыңғайлы. Осындай жүк көліктеріміз көптің көзіне түседі деген ойдамыз», - дейді Марат Бектасов.

Инженер-технологтың айтуынша, олар өз өнімін «KADEX- 2016» халықаралық көрмесіне ұсынуға дайын. Көкшетаудан жеткен жүк көліктері ендігісін көрменің павильонына қойылып та үлгерді. Маусымның алғашқы кезеңінде Астанада өтетін шара барысында оған көпшілік көзайым болмақ.

Осы орайда айта кетейік, «КАМАЗ-Инжиниринг» компаниясы – «Қазақстан-инжиниринг» АҚ еншілес кәсіпорны. Бүгінде өндіріс ошағының өнім көлемі 100 есеге артқан. Онда заманауи технологияны қолдануға көп көңіл бөлінеді.

Мұнда жыл сайын арнайы көліктердің үлесі басым. Ал, олардың бәсекеге барынша қабілетте болуы – зауыттағы мамандардың басты міндеті.  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"