Астанада Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жээнбек Молдоканович мырзамен хаттамалық кездесуі болды.
Онда тараптар қорғаныс, жауынгерлік даярлық, өңірдегі әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ әскери білім беру саласындағы кадрларды дайындау мәселелерін талқылады.