Интеллектуалдық сайыс


Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Не? Қайда? Қашан?» тарихтың жүйріктерін тану мақсатында әскери қызметшілер арасында интеллектуалды сайыс өткізілді.

Сайысқа әскери қызметшілерден құралған «Барыс» және «Қыран» атты екі команда қатысты. Оған мектеп бастығының орынбасарлары штаб бастығы подполковник А.Аупбаев, МТҚ ету бөлімінің бастығы міндетін уақытша атқарушы майор О.Ерекешов, рота командирі капитан М.Бейсембеков әділ қазылық етті.

Сайыстың ережесі бойынша І кезеңде Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша сұрақтарға жауап берсе, ІІ кезеңде Қазақстан орта ғасырдағы тарихына үңілді. ІІІ кезеңде «Ұлы даланың Ұлы есімдері» бойынша бағаланып, ІV кезеңде команданың капитандары өзара жарысты.

 Соңында екі команда қара жәшікте жатқан затты тауып, ойынның қорытындысы бойынша І орынды – мектеп басқармасы әскери қызметшілерінен құралған «Қыран» командасы алды. Ал ІІ орын – оқу рота әскери қызметшілерінен құралған «Барыс» командасына бұйырды. Сайыс барысында лейтенант А.Жұртбаев, сержант С.Сабитова, аға сержанттар А.Шуканов А пен Қ.Құрманғазинов білімдерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Сайыс қызықты да тартысты өтті.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"