Халық Қаһарманынан ерлік сабағы

Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының астаналық филиалының тәрбиеленушілері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевпен кездесті.

Жас патриоттар заманауи қазақстандық армия, әскери қызмет және әскери қызметші мамандығы туралы білді. Қонақтар патриотизм, батылдық, әскери борышқа адалдық сияқты ұғымдар туралы айтты. Әңгімеден оқушылар Қарулы Күштердің құрылу тарихы мен қазіргі жағдайынан хабардар болды.
- Отанға қызмет ету үшін қажырлы еңбек ету, патриот болу, өз бетімен тынымсыз жұмыс істеу, кәсіби шеберлікті арттырып, жаңа дағдыларды игеру қажет. Өскелең ұрпақтың бойынан елімізге деген патриоттық сезім табылуы керек. Әскерге шақырылған жастар Отан алдындағы борышын абыроймен атқаратынына сенімдімін, - деп атап өтті Бақытжан Ертаев.
Балалар бейресми әңгімеге белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
- Елімізге танымал адамдардың өмір тарихын білу мен үшін өте қызық. Біз үшін олар еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын қажырлы еңбегінің арқасында кез келген адамның табысқа қол жеткізе алатындығының мысалы болып табылады, – дейді «Жас сарбаз» тәрбиеленушісі Мадина Бауыржанқызы.
Кездесу соңында генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевқа «Құрметті төраға» куәлігі мен «Жас сарбаз» қозғалысының төсбелгісі табыс етілді.
«Ерлік сабақтары» қазақстандық оқушылар үшін тұрақты негізде өткізіледі. Өткен жылдан бастап «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері үшін олар еліміздің дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғалармен тікелей кездесулер форматында ұйымдастырылады. Бұған дейін жас патриоттар қазақстандық ғарышкер, Халық Қаһарманы, авиация генерал-майоры Айдын Айымбетов, сондай-ақ белгілі спортшы, қоғам қайраткері Ардақ Назаровпен кездесті.
Дәстүрлі «Ерлік сабағы» санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"