Жылу көздерін газдандыру мәселесі қаралды

Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігінде әскери ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаевтің қатысуымен әскери ведомство нысандарын табиғи газбен жылу көздерін (қазандықтарды) газдандыру жоспарының жобасы туралы жұмыс кеңесі өткізілді.

Жылу көздерін газдандыру әскери бөлімшелердің орналасқан жерлерінде экологиялық жағдайды жақсартуға, отынмен жабдықтаудың берік энергетикалық базасын құруға, пайдалану көрсеткіштерін төмендетуге, отынды сатып алу, сақтау, тасымалдау жөніндегі материалдық шығындарды азайтуға, оны сатып алу жөніндегі байқау процедураларын алып тастауға мүмкіндік береді. Аталмыш жобаға сәйкес Қорғаныс министрлігі әскери қалашықтарды жылумен қамсыздандыратын 51% қазандықты табиғи газбен жылытуға көшіруді жоспарлауда. Қазіргі уақытта табиғи газға 14% қазандық көшірілді, олардың негізгі бөлігі табиғи кен орындары мен магистральді газ құбыры бар жерлердегі еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде (Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл және Шымкент қалаларында).

Елорданы газдандыру аясында 2018 жылдың наурыз айынан бастап Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында «Тұран» қайта газдандыру орталықтандырылған кешенінен қоректенетін сұйылтылған табиғи газға көшірілді. 2018 жылғы наурыз бен қазан айы аралығында оның экономикалық тиімділігі 10-нан аса млн. теңгені құрады. Әскери ведомство нысандарының жылу көздерінің (қазандықтардың) газдандыруға көшуі кезінде жобаның өтелімділігі орташа есеппен 1,5-2 жылды құрайды. «Көгілдір отынның» отынның басқа түрлерінен бірқатар артықшылықтары бар екендігі баршаға мәлім. Дизельді, мазуттық және көмір қазандықтарын табиғи газға көшірудің бірқатар заңды мәселелерін шешу кезінде қазандықтардың ПІК 25%-дан 40%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл бюджеттік ақшалай қаражатты үнемдейді, сондай-ақ орта есеппен 2,5-4 есеге атомофераға газ тәрізді зиянды заттардың шығарылу деңгейін қысқартады. Кеңес қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігінің нысандарында орнатылған жылу көздерін (қазандықтарды) одан әрі газдандыру жөніндегі ұсыныстар әзірленді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"