Ресейғарыштың Мемлекеттік комиссиясы 2016 жылдың соңына дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшу бағдарламасын бекітті.
Бекітілген кестеге сәйкес, 19 қазанда «Союз МС-02» кемесін ұшыру, 30 қазанда «Союз МС» кешенін қондыру жоспарланған.
«Союз МС-03» кешенін 16 қазанда ұшырту көзделген. 1 желтоқсанда Халықаралық ғарыш стансасына «Прогресс МС-04» жүк кемесін ұшырту межеленді.
Бұрын хабарланғандай, Ресейғарыш «Союз МС-02» ғарыш кемесін 2016 жылы 24 қыркүйекте ұшыратынын жариялаған.