Жүздері жарқын жас сарбаздар

Егеменді еліміздің Ата заңының 36-шы бабында: «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті» - деп, жазылғаны анық. Осы бағытта еліміздегі жастарды биылғы жылдың көктемгі әскер қатарына шақыру науқанының қызу жұмысы арқасында, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына Алматы облысынан шақырылған жастар легі «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің жеке құрамының қатарын толықтырған болатын. Жақында ғана сап түзеген жас сарбаздарды Приозерск гарнизонының Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Тілек Алшымбекұлы Кенжебеков 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Дәл, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне - 30 жыл толу мерекесінде Қарулы Күштердің қатарына жақында ғана шақырылған жас сарбаздар орналасқан сарбаздар жатақханасын бетке алған ардагер аға Т.А. Кенжебеков жас сарбаздар орналасқан орындарын көзбен көріп, олардың тұрмыстық жағдайымен танысты. Қарулы Күштер ардагері Тілек Кенжебековтың басты ойы мен мақсаты – мереке күні сарбаздарды қуантып, оларға әкелік қамқор көрсетіп, 7 мамыр-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күніне – 30 жыл толу және
9 мамыр-Ұлы Жеңіс күніне 77 жыл толу мерекесі күнімен құттықтау еді.
Бір қатармен бой түзеген жас сарбаздар алдында сөз сөйлеген Приозерск гарнизонының Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Тілек Алшымбекұлы: «Сіздер жақында ғана әскер қатарына шақырылып, егеменді еліміздің төл армиясына 30 жыл толу қарсаңында Қарулы Күштер қатарын толықтырып тұрсыздар. Баршаңызды 7 мамыр-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күніне – 30 жыл толу және 9 мамыр-Ұлы Жеңіс күніне 77 жыл толу мерекесі күндерімен Қарулы Күштер ардагерлерінің атынан шын жүректен құттықтаймын! Тура сіздер сияқты ер азаматтарымыз барда Қазақстан халқының бейбіт күн астындағы тыныштығы сақталатындығына толық сенімдеміз! Сіздердің Отан алдындағы қызметтеріңізге зор табыстар тілейміз!» - деп, өзінің әкелік жүрек жарды лебізін жеткізіп, жас сарбаздарды бір қуантып тастады.
Ардагер аға Тілек Кенжебековпен бірге 06708 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы майор Бірлік Мамбетахынұлы Чебиков пен жас сарбаздар ротасының командирі майор Нұрзат Қуанышұлы Есмаханбетов болды.
Приозерск гарнизонының Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Тілек Алшымбекұлы Кенжебеков «сайдың серке тасындай....» сап түзеген әрбір жас сарбаздың қолын алып, оларға әр кез әкелік қамқорын жасауға дайын екендігін жеткізді.


Думан Құрманғалиев

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Три обнаруженных заблуждения о бронежилетах

Три обнаруженных заблуждения о бронежилетах

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков