Жолаушыларға көмек берді

Әскери қызметшілер жүк құрамының вагондардың рельсінен шығып кетуі нәтижесінде жолда тоқтап қалған жолаушыларға көмек көрсетті.

 Приозерск гарнизонының әскери қызметшілері Мойынты-Шығанақ учаскесінде жүріп келе жатқан пойыз жолаушыларына жәрдем беруге тартылды. 31 шілдеде Мойынты-Шығанақ учаскесінде жүк пойызы вагондарының шығып кетуі орын алды. Мұның салдарынан Көктас, Сарышаған, Шығанақ стансаларында бес жолаушылар пойызының қозғалысы тоқтатылды.

Жауапкершілік аймағында болған оқиға туралы жедел желі арқылы мәліметтер алып, «Астана» өңірлік қолбасшылығының 06708, Әуе қорғанысы күштерінің 44841 және Тыл және қару-жарақ бастығы басқармасының 60601 әскери бөлімдерінің командирлері әскери қызметшілердің қатысуымен ауыз су мен ыстық тамақсыз жол бойында күрделі жағдайға душар болған пойыз жолаушыларына қолұшын созды. Әскери қызметшілердің уақтылы іс-қимылдары жолаушылар үшін төтенше жағдай салдарын жоюға септігін тигізді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"