Генерал-майор М. Сатов: "Ата заңды сақтау - ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі"

н Алматыда ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери бөлімі базасында ұйымдастырылған оқу-әдістемелік жиыны аясында «Конституция - тұрақтылық кепілі және еліміздің қауіпсіздік қалқаны» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оған өңірлік қолбасшылық пен «Нұр Отан» партиясының  өкілдері, сондай-ақ әскери ардагерлер қатысты.

Өз сөзінде Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов еліміздің негізгі заңы - Конституцияның талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

«Егер біз демократиялық елде өмір сүргіміз келсе, біз заң талаптарын сақтауымыз керек. Заңды бұзу - берекесіздікке әкеп соқтырады. Біздің ата-бабаларымыз да Ұлы даланың белгілі бір заң талаптарын сақтай отырып өмір сүрген. Өйткені, сол заңдар мен бүгінгі Ата заңның негізгі өзегі - ол бірлікті сақтау. Біз соның арқасында жерімізді, тілімізді, мәдениетімізді сақтап қалдық. Яғни, Ата заңды сақтау - ел қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудің кепілі. Біз күшті мемлекет болуымыз керек. Өйткені, әлемде қашанда күштіні сыйлайды, ал әлсізді аяйды», - деді М. Сатов.

 Бүгін басталған оқу-әдістемелік жиын 27 тамызға дейін жалғасады. Оған әскери бөлімдердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшелерінің (топтарының) бастықтары мен жүйелес батальон командирлері, арнайы комендатуралар коменданттарының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, барлығы  100-ге жуық адам қатысуда.

Жиынға Ұлттық  ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Сабыржан Сүлейменов жетекшілік етуде.

«Оқу-әдістемелік жиын барлық өңірлік қолбасшылықтарда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Оны өткізудегі басты мақсат - тәрбиеші офицерлердің біліктілігін арттыру. Жиын барысында   еліміздегі саяси ахуал, идеология, мемлекеттік-құқытқтық дайындық бойынша дәрістер өткізіледі. Сондай-ақ, қатысушыларға сарбаздармен тиісті тақырыптарда сабақтарды қалай өткізу жолдары, әдістері үйретіледі. Бұдан басқа, қатысушылар заңдарды білу бойынша тест тапсырады және олардың дене даярлығы тексеріледі», - деді ҚР Ұлттық Ұланның ақпараттық баспа бөлімінің бастығы, полковник Қуаныш Қожахметов.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"