Жеке құрамның әскери машығы бақыланды

Қазақстанның Қарулы Күштерінде  2019 жылға арналған дайындық жоспарына сәйкес барлық құрамалар мен әскери бөлімдерде, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінде қысқы оқыту кезеңінің қорытындысы бойынша бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы мен жауныгерлік қабілеті деңгейін бағалау үшін бақылау тексеріс өтуде.

Негізгі мақсат жеке құрамның машығын, взводтардың, роталардың, құрамалар мен бөлімдер батальондары басқармаларының  жауынгерлік даярлығының шынайы деңгейін жан-жақты тексеру, сондай-ақ бөлімшелер мен олардың басқару органдарының жауынгерлік даярлығы мен үйлесімділігі деңгейін бағалау, жауынгерлік даярлық жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуына баға беру.  ҚР Қорғаныс министрлігі арнайы кешенді комиссия құрды. Олар еліміздің барлық өңірлеріне жолданды. Бақылау тексеріс екі кезекте өткізіледі. Түрлер, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың 500-ден аса әскери бөлімі мен құрамасы тексеріледі. Тексерілетін пәндер қатарында атыс, тактикалық, арнай даярлық, жауынгерлік машиналарды жүргізу, инженерлік, дене және саптық даярлық. Комиссия сондай-ақ бағынысты құрамаларда жауынгерлік даярлықты басшылыққа алу жөнінде лауазымды адамдардың жұмысының ұйымдастырылу жүйесін, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуы мәселелерін тексереді. Әрбір әскери қызметшіге  жеке дара тәртіпте және бөлімшелер құрамында теория жүзінде ғана емес, сонымен бірге, практика жүзінде емтихан тапсыруға тура келеді. Оқыту пәндері бойынша бақылау сабақтары бөлімдердің ұдайы орналасу пункттерінде және оқу-жаттығу орталықтары мен полигондарда өтуде.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"