Жауынгерлік қабілетті арттырды

«Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штабтар бастығы полковник Қуаныш Уштаев 44736 әскери бөлімінің жауынгерлік әзірлігінің деңгейін тексерді.

Комиссия мүшелері әскери қызметшілердің саптық дайындығын бағалады. Мамандығына қатысты сұрақтар қойып, кәсіби біліктілігін тексерді. Автопарктердегі техниканың жағдайына, қару-жарақ қоймаларының қызметіне, әсіресе қару-жарақ пен оқ-дәріні сақтау тәртібіне, қауіпсіздік шараларының қатаң қадағалануына да көз жеткізді. Жалпы алғанда, әскери қызметшілер жан-жақты сынақтан өтті.

   Тексерісті қорытындылаған мәжілісте кез-келген күрделі жағдайда тапсырманы орындауда барлаушылардың дайындық деңгейін арттыру, әсіресе лаңкестік пен экстремизмге қарсы күресте барлаушыларға бүгінгі заманның талабына сай кәсіби амалдар мен қимыл-әрекет әдістерін үйрету аса қажет екені айтылды. 44736 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындығына «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штабтар бастығы полковник Қуаныш Уштаев өз бағасын берді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

В России приступили к разработке нового прицела для стрелкового оружия

В России приступили к разработке нового прицела для стрелкового оружия

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства