Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевты еске алу

Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Ұлы Отан соғысына қатысушы, техникалық әскерлердің генерал-майоры Шәкір Жексенбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған отырыс өтті.

Іс-шараға Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары Серік Борамбаев, Бас штабтың РХБ қорғаныс және экологиялық қауіпсіздік әскерлері департаментінің, Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті профессорлық-оқытушылар құрамының, Қарулы Күштер ардагерлері республикалық ұйымының, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының өкілдері, сондай-ақ танымал генералдың туысы, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Ермек Айтәлиев қатысты.
Отырысқа қатысушылар Шәкір Жексенбаевтың қару-жарақты, РХБ қорғаныс құралдарын дамытуға, оларды ұрыстар мен әскери операцияларда қолдануға қосқан үлесін атап өтті.
Шәкір Жексенбаев 1901 жылы 28 ақпанда Астрахан губерниясы Бөкей ордасы Шоңғай ауылында дүниеге келді (қазіргі Батыс-Қазақстан облысы). Ұлы Отан соғысы кезінде Брянск майданының химиялық қорғаныс бөлімінің бастығы кезінде жарылғыш заттардың қоспасын, өртеуге арналған ампулаларды, авиация бомбаларын дайындады. Оның басшылығымен отшашар ротасының ұрыс іс-қимылы ұйымдастырылып, жарылғыш заттар қоспасын түтін бүркеуде кеңінен пайдаланды.
Соғыстан кейін Шәкір Жексенбаев КССР Қорғаныс министрлігінің химиялық басқармасы бастығының орынбасары лауазымын атқарып, оқытушылық қызметпен айналысты. Ол Ленин орденімен, төрт Қызыл Ту орденімен, екі І-ші дәрежелі Отан соғысы және  Қызыл Жұлдыз ордендерімен, сонымен қатар әр түрлі медальдармен марапатталды.
1985 жылы ардагер «И горек дым войны» деген атпен мемуар жазды. Олар осы күнге дейін тарихты зерттеушілердің, әскери мамандар мен оқырмандардың ақпарат көзіне айналды.
Кездесу соңында қатысушылар генерал Шәкір Жексенбаевтың Әскери-тарихи мұражайға қойылған құжаттарымен, фотосуреттері және жеке заттарымен танысты.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Новые снайперские винтовки на вооружении ВС США

Новые снайперские винтовки на вооружении ВС США

БУК-М2Э - надежный зенитный щит неба

БУК-М2Э - надежный зенитный щит неба