Жасұландықтар Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесті

Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Шымкенттегі республикалық «Жас ұлан» мектебінде Ұлы Отан соғысының ардагері Анна Федоровна Шалямен кездесу өтті.

Кездесу барысында ардагер Ұлы Отан соғысы кезіндегі сұрапыл күндерді еске алып, жастарға бейбіт өмірді бағалауға, оның қадірін білуге және Отанға адал қызмет етуге кеңес берді. Мектеп басшылығы ардагердің батырлығы мен адалдығы өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі болатынын атап өтті. Сонымен қатар, Анна Федоровнаны мерекемен құттықтап, гүл шоғы мен сыйлық тарту етті. Өз кезегінде ҰОС ардагері ұландар мен мектеп басшылығына осындай әдемі кездесу ұйымдастырғаныдары үшін алғысын білдірді. Соғыс кезінде Анна Шаля радио оператор қызметінде ерлік пен батырлық танытқан болатын, «Қызыл жұлдыз» және «ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордендерінің иегері. Украина, Трансильвания, Румыния, Венгрия елдерін азат етуге қатысқан. Анна Федоровна қазіргі кезде де жастарды тәрбиелеуге белсене қатысуда, сол сияқты Шымкент қаласының құрметті азаматы және «Қазақстанның үздік азаматтары» атты Қазақстан Республикасының энциклопедиясына енгізілген.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"