Жас сарбаздарға түсіндірді

Жақында Ақмола гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмаділов Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты 44813 әскери бөлімінде «Прокурорлық сағат» өткізді.

Іс-шараға әскери бөлім басшылығымен қоса, Ақмола өңірінің әскери прокурорының аға көмекшісі әділет капитаны Бердібек Сейдулла қатысты. 44813 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Б.Кулпендиев барлық санаттағы жеке құрамымен өткізілген жиында «Армияда қылмысқа жол жоқ» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының талаптарын жеткізді.
Ақмола гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмаділов «Әскери ұжымда жарғыдан тыс қарым-қатынасты ескерту және алдын алу» тақырыбында сабақ өткізді. Келісімшарт негізіндегі және мерзімді әскери қызметшілер арасында жарғыдан тыс қарым-қатынас жайында және жас сарбаздарға моральдық және психологиялық қысымға (қол жұмсауға) бой алдырмау үшін бөлім басшылығынан бар шараларды қатаң қадағалауға шақырды. Әскери прокурордың аға көмекшісі әділет капитаны Б.Сейдулла Ақмола гарнизонында болған құқықбұзушылықтарды, әкімшілік құқықбұзушылықтарды және оларға қолданылған шараларды жеткізді.
Жиналыс соңында Ақмола гарнизонының әскери прокуроры жеке құрамның сұрақтарына жауап берді. Жиналысты қорытындылай келе, осындай жиындарды жиі өткізіліп тұру керектігін атап кетті.
Майор Нұржан СЫЗДЫҚОВ

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"