"Жас сарбаз" үш жылда 200 мыңнан астам жас патриоттарды біріктірді

Нұр-Сұлтандағы Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының үш жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Жас патриоттарды Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігіт, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов, Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев құттықтады.

Әскери-патриоттық тәрбие дегеніміз барлық мемлекеттік құрылымдардың, ең алдымен, маңызды рухани құндылықтарды, биік патриоттық сананы, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында ерекше маңызға ие болған өз тарихына, халқына және еліне деген құрметті қалыптастыру жөніндегі сан қырлы, жүйелі және кешенді жұмыс. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Мәңгілік ел» идеясы, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», «Ұлы даланың жеті қыры» мемлекеттік бағдарламалық құжаттары азаматтарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу үрдісінің негізгі құралдары болып табылады.

«Жас сарбаз» қозғалысының басшылары мен қатысушылары алдында сөз сөйлеген Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов Қазақстанның болашағы мемлекеттің одан әрі дамуы мен өркендеуінің басты өзегі болып табылатын жас ұрпаққа байланысты екенін атап өтті.

– Патриоттық рух, Отанға деген сүйіспеншілік, оны қорғауға, мүдделеріне қызмет етуге деген ұмтылыс – қашанда керемет ұлы сезім. Әр адам кең байтақ жерін, туған елін сүйетіні анық. Отанға деген махаббат, елді қорғауға әркез дайын болу қай ғасырда да болған, – деді ол.

Министрдің орынбасары жас патриоттарды Қазақстан мен өз өлкесінің тарихын зерттеуге деген ұмтылыс, экспедициялар мен волонтерлік акциялардағы практикалық істер, оқудағы, спорттағы, мәдениеттегі, ғылыми және техникалық шығармашылықтағы жетістіктер, көмек көрсетуге деген дайындық біріктіретінін атап өтті.

Шара соңында Ұлттық әскери-патриоттық орталығы шығармашылық ұжымдарының концерті, сондай-ақ өңірлік қозғалыс филиалдарының төрағалары мен көшбасшыларын марапаттау рәсімі болды.

«Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы үш жыл бұрын қарқынды басталған болатын. Қазір бұл қозғалыстың құрамында елдің бүкіл өңірінен 215 мыңнан астам бала бар. Олардың көбі болашақта Қарулы Күштерде қызмет еткісі келеді. Қозғалыс филиалдары Қазақстанның 17 өңірінде құрылған. Үш жыл ішінде қозғалыс екі миллионнан астам баланы қамтитын 1 500-ден аса шара өткізді. Жыл сайын қозғалыс тәрбиеленушілері «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып, жоғары даярлық деңгейін көрсетіп келеді.

Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында «Жас сарбаз» қозғалысымен Қорғаныс министрлігі, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, сондай-ақ Ресейдің «Юнармия» әскери-патриоттық қозғалысы арасында меморандумдар бекітіліп, жергілікті атқарушы органдармен белсенді өзара іс-қимыл реттелді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"