«Жас сарбаз» қозғалысының қатары жас патриоттармен толықты

Батыр атамыз, алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150-жылдығы қарсаңында Ақмола облысындағы Қажымұқан ауылының мектебінде «Жас Сарбаз» сыныбы ашылып, 20 оқушы әскери-патриоттық қозғалыстың қатарын толықтырды.  

Әскери тәртіпке бет бұрған жас сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдап, артылған сенімді ақтап шығуға ниетті екендіктерін жеткізді. Оларға «Жас сарбаз» қатарына ресми түрде қабылданғанын растайтын куәліктер табыс етілді.  
-    Осындай айтулы күні мектебімде патриотты жастардың басын біріктірген «Жас сарбаз» сыныбының ашылғанына және оның бір мүшесі болғаныма қуаныштымын. Болашақта елімізді білектің күшімен қорғап қалған атамның ізін жалғап, Отан қорғаушы боламын, - деді 8 сынып оқушысы Әнуар Мұхтар.  
Іс-шараға Талапкер ауылдық округінің әкімі Асқар Жақсыгелдинов және Республикалық «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев қатысады.
Қазақстан бойынша «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық жастар қозғалысы 7000-нан астам клубтар мен сыныптарды, сондай-ақ 215 000 шамасында жасөспірімдерді қамтиды. Олар төл тарихын білетін, бүгінін бағалайтын, Тәуелсіздігін көзінің қарашығындай қорғайтын ұлағатты жас өрендер.    



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"