Жас Сарбаз бейнесі

“Жас Сарбаз” қозғалысы бұл тек мақсат мүддесі бір жастардың басын біріктіретін ұйым емес, бұл талантты жастардың болашағына үлес қосып, болатын баланың бетінен қақпайтын қолдау іспетті. Қазақ халқы «Адам болатын бала он бесінде баспын дейді” дегенді бекер айтпаса керек. Жас болса да, бас болған азаматтардың қатарынан табылып, өзіне артылған үмітті барынша ақтауға тырысып жүрген шамалғандық Али Досман бүгінгі сондай жарқын болашақ күтіп тұрған жас сарбаз бейнесі.  

Әлеуметтік желіден екі аяғын көтеріп, баспалдақты ойланбай өтіп, отжимания жасап жүрген жас баланы көрген бе едіңіз? Өзіне деген сенімі нық Али Алматы облысы, Шамалған ауылы, Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің 5 сынып  оқушысы. 5 жасынан бастап, халықаралық жарыстарға қатысып, әлемдік деңгейде Қазақстанды таныстырып жүрген батыр жігіт, бүгінгі күні бокс десе ішкен асын жерге қоятын, күрес десе сағаттап залда жаттығу жасайтын мақсаты айқын, арманы асқақ патриот.
Али бүгінгі күні көптеген биік белестерді де бағындырып үлгерді. Ақпан айында бас қалада  өткен бокстан республикалық турнирдің жеңімпазы атанды. Арманы көптеген спорт түрлерінен олимпиада чемпионы атану.  
Жастардың бойында патриоттық сезімді, өр рухты ұрпақ қалыптастыру бұл аса жауапты іс. Еліміздің болашағының тірегіне айналатын жас буынның аяқ алысы осындай екені бізді қатты қуантады.
Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, «Елім» деген сезім мен «Ұлтым» үшін деген ұлы армандарға ұмтылыс мәңгілік.  
Сондай ұмтылысы Алатаудай биік Алиге әрқашан да сәттілік тілейміз! Еліміздің туын әлемге танытып, әнұранымыздың әр елде шырқалуына шын жүректен тілектеспіз! Намысты қолдан бермейтін, ержүрек айбынды батырлардың  ұрпағы - өздерің.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"