«Жас сарбаз» айлығы

Алматы қаласының авиациялық базасында «Жас сарбаз» айлығы аясында Павлодар облысынан  шақырылған мерзімді қызметтегі сарбаздармен сабақ өткізілді.

Бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Ерлан Мырзалин сарбаздарға әскери бөлімнің қолданыстағы ұшақтары мен тікұшақтары, бөлімнің жауынгерлік жолын (музейді) таныстырды. Авиациялық базада мерзімді әскери қызметті атқарудың өзіндік ерекшеліктері атап өтілді. Подполковник Ерлан Мырзалин сарбаздармен Отан қорғаудың маңызы туралы әңгімелесу өткізді.

«Біз ата - бабаларымыздан қалған жерімізді көзіміздің қарашығындай қорғап, келесі ұрпаққа мирас қылып қалдыруымыз керек» деп атап өтті. Сарбаздарды мерзімді қызмет атқару кезіндегі тәрбиелеу жұмысы тәрбие құрылымдары офицерлерінің, командирлер мен сержанттардың өзара іс-әрекеттесуіне тығыз байланысты. Әр сарбаздың әскери ұжыммен танысуына, ұжымдағы рөліне, аса маңыз аударылады. Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға офицер – психологі лейтенант Досжан Андабек сарбаздармен «әскери қызметке бейімделу» атты жасырын сауалнама өткізді.

Мерзімді әскери қызмет атқаруы кезінде қиналған сарбаздарға уақытылы кеңес беріледі. Сарбаздарды бөлім командирінің орынбасарлары және қызмет бастықтарымен кездесу ұйымдастыру әскери бөлімде жақсы дәстүрге айналған. Сарбаздар өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып (қаржы, заң, киім – кешек, әскерлер, жасақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі т.б.), мардымды жауаптар алады. Сарбаздармен жұмысқа тәжірибелі, беделді, әдістемелік дайындалған келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тағайындалған.
Әскери қызметке бейімделуде ардагерлер кеңесінің маңызы өте зор. Запастағы подполковник Ержігіт Хандаулетов мерзімді қызметтегі сарбаздармен патриоттық тақырыпта сабақтар, әңгімелесулер өткізіп, өзінің тәжірибесімен ұдайы бөлісіп тұрады.
Авиациялық базада мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар арасында жақсы жағынан көзге түскен сарбаздардың жетістіктері ерекше назарға алынған. Ақпараттық – тәрбиелеу бөлмесінде сарбаздардың фотолары ілінген. Республикалық «Сарбаз» әскери – патриоттық газет беттерінде
ҚР ҚК әр гарнизонынан ерекше көзге түскен мерзімді қызметтегі сарбаздар туралы мақалар, сарбаздарға керекті ақпараттар жарияланып тұрады.
Сабақ соңында авиациялық база командирі подполковник Амангелді Макишев сарбаздарға: «Сіздерге ең қасиетті борыш жүктелген. Отан қорғаудан артық міндет жоқ. Армия – мемлекеттің берік қорғаны. Ұлан-байтақ жерімізді қорғау үшін дайындығымыз жоғары болуы керек» деп ағынан жарылды.

Майор Дархан Кусаинов

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"