Францияның қорғаныс аясын зерттеу мамандарымен өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың басшылығымен Францияның Ұлттық қорғанысы Жоғары зерттеу институты (IHEDN) мен Қазақстан Қорғаныс министрлігі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Қатысушылар Қазақстан мен өңірдің қауіпсіздігін, қарулы күштерді жабдықтау шеңберіндегі ағымдық проблемаларды және перспективаларды талқылады.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан әскерінің өңірлік қауіпсіздікке байланысты дамуы, сондай-ақ бітімгершілік қызметке қатысуы туралы ақпарат ұсынылды.

 

Анықтама ретінде: IHEDN Премьер-министр басшылық ететін мемлекеттік әкімшілік мекеме болып табылады. Оның міндеті қорғаныс, сыртқы саясат, қару-жарақ және қорғаныс экономикасымен айналысатын Франция мен шет мемлекеттердің жоғары әскери және азаматтық басшылығының міндеттерін орындау біліктілігін арттыру болып табылады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"