Ертеңгі ел қорғаушылар бүгіннен бастап бойына патриоттық рухты сіңіріп келеді

Бүгінгі таңда ҚР Қорғаныс министрлігінің бастамасымен ел жастарын, әсіресе мектеп жасындағы жасөспірімдерді патриоттық бағытта тәрбиелеу мәселесі нақты істер арқылы жүзеге асуда. Мәселен, бүкіл елімізде әскери-патриоттық жұмыстарды әрі қарай жетілдіру мәселесі жөнінде қол қойылған Ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл жөнінде меморандумға сәйкес Қорғаныс министрлігі және мемлекеттік органдармен жалпы білім беру мектептері бірлесіп кадет сыныптарын ашу жөніндегі жұмыстар жалғасын тауып келеді.

Кадет сыныптарын ашу жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған. Әр кадет сыныбында жалпы орта білім беру мектептерінің бағдарламасы бойынша білім алатын 30 бала оқиды. Осындай сыныптарда патриоттық тәрбиеге, дене шынықтыру мен бастапқы әскери дайындық мәселесіне ерекше назар аударады.

Бүгінгі күні республикамыздың барлық өңірінде 101 кадет сыныбы жұмыс жасайды, онда 2800-ден аса бала білім алады. Кадет сыныптарының тәрбиеленушілері әскери мамандықтың қыр-сыры, саналы арифметика, бал билері, атқа шабу, қоян-қолтық күрестің әдіс-тәсілдері, шет тілдері, әдеп және т.б. зерделейді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"