Аягөз гарнизонында орналасқан 02352 әскери бөлімінің әскери қызметшілері сонымен қатар осы әскери бөлімнің «Жас сапер» әскери-патриоттық клубының төрағасы Р.Аптимов Аягөз қаласында орналасқан №3 мектебінің оқушыларымен кездесті.
Ол Қазақстандық патриотизм, ерлік пен батылдық, Отан қорғау, батыр бабаларымыздың даңқты жолы туралы әңгіме-сұхбат құрып, ерлік сабағын өткізді.
«Біздің осы ұйымдастырып отырған шараның мақсаты да ел ертеңі жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастыруға, отан қорғауға дайын болуға үгіттеуге, ел жетістіктерін насихаттауға бағытталады, - дейді әскери-патриоттық клубының төрағасы Р.Аптимов
Капитан Асқар САЙЛЫБАЕВ
02352 әскери бөлімі