Еліміздің Қарулы Күштері барда, «Сарбаз» бар


Әскери саланың мамандарының айнымас серігіне, рухани сырласына айналған «Сарбаз» газетін қазақстандық әскери баспасөздің нағыз бетпердесі деуіміз керек. Өйткені, бізде бұдан өзге әскери басылым жоқтың қасы. Бар болғанның өзінде, кейінгі жылдары ғана жарық көре бастады немесе тұралап қалды. Ал «Сарбаз» газетінің тоқсан жылдық тарихы бар. Әлі де жасай беретініне, қазақстандық қорғаныс саласының үні мен көзі болып ғасырлар бойы жарияланатынына сенімім зор. Еліміздің Қарулы Күштері барда, «Сарбаз» бар.

Әскери саланың маманы болғандықтан, саладағы түрлі жаңалықтарға құлағымды түріп жүретінім рас. Осыдан үш жыл бұрын басылымның басшылығына келген жас редактор Батырхан Қуатбек газет тарихына зор құлшыныспен зерделеу жұмыстарын жүргізгенін білеміз. Тіпті, сонау Мәскеуге дейін барып, «Сарбаз» әскери-патриоттық газетінің кешегісі «Жауынгерлік ту» және «Қызыл әскер» газеттерімен жалғасып жатқанын дәлелдеуге мүмкіндік беретін құжаттарға қол жеткізді. Бұл оның қызметіндегі және әскери баспасөз бағытындағы айрықша еңбегінің жемісі деп бағалар едім.

1992 жылдың 16 желтоқсаны да менің күні кешегідей көз алдымда. Біз армиямыздың іргесін қалап, осы жолда тер төгіп жүргенімізде, әрбір ісімізді оқырманға жеткізуді, еліміздің қорғаныс саласының жұмысын насихаттауды көздеген «Сарбаз» газетінің бірнеше жылға созылған үзілістен кейінгі жаңа нөмірі жарық көрді. Әлбетте, қуандық, сәттілік тіледік.

         Қазір де көңілімізде тілеулестік, ниеттестік сезім бар. Шағын ғана ұжымның қаламына қуат берсін деген пейілдеміз. Өзіміздің «Сарбаз» газетіміз ұзақ жасасын, ғұмыры ғасырларға жалғассын!

Генерал-майор Қайдар Қарақұлов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"