Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Поздравление Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы с Днём Победы

Құрметті қазақстандықтар!

Жыл сайын 9 мамыр күні біз әкелеріміз бен аталарымыздың адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста көрсеткен ерен ерлігі мен қаһармандығын еске аламыз.

Бұл күні біз үшін зор мақтаныш пен нағыз патриотизмнің үлгісіне айналған ардагерлердің алдында басымызды иеміз.

Соғыс құрбандарына тағзым етіп, осы күнге аман жеткендерге құрмет көрсетеміз. Олардың жауынгерлік ерлігі мен тылдағы еңбегінің арқасында біз бейбіт әрі тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.

Отан үшін от кешкендердің ерлігін ұмытпай, оны кейінгі ұрпаққа үлгі ету – біздің қастерлі борышымыз.

1945 жылғы мамыр айындағы Ұлы Жеңіс ортақ мақсатқа жұмылған халықтардың ауызбірлігінің, достығы мен өзара көмегінің жарқын символына айналды.

Бірлігі жарасқан қоғам ғана зор жетістіктерге жете алатынын халқымыз жақсы біледі. Тәуелсіздіктің отыз жылындағы тәжірибеміз – соның айқын дәлелі.

Біз осы кезеңде қуатты әрі өркендеген мемлекет құрдық. Өзара сыйластық, тұрақтылық пен тыныштық еліміздің орнықты әрі үйлесімді дамуының кепілі болды.

Тарихтан сабақ алып, халқымыздың бірлігін ең басты құндылық ретінде сақтап келеміз. Алдағы уақытта да солай боларына сенемін.

Баршаңызды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!



Мықты денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр тілеймін!

Аспанымыз әрдайым ашық болсын!





Уважаемые казахстанцы!

9 мая мы вспоминаем о мужестве и беспримерном героизме наших отцов и дедов, защитивших родную землю в самой кровавой войне в истории человечества.

В этот день мы склоняем голову перед ветеранами войны и труда – людьми, остающимися для всех нас неисчерпаемым источником гордости и примером подлинного патриотизма.

Мы скорбим о павших и чествуем доживших до наших дней. Благодаря их ратному и трудовому подвигу мы живём сегодня в мирной и независимой стране.

Наша святая обязанность – хранить и чтить память о героизме защитников Отечества, бережно передавая её следующим поколениям. 

Победа в мае 1945 года стала символом единства, дружбы и взаимовыручки народов, объединённых общей целью.  

В Казахстане хорошо знают, что самые значимые результаты достигаются при условии консолидации всего общества. Об этом ярко свидетельствует 30-летний опыт нашей Независимости.

Все эти годы мы строим сильный и процветающий Казахстан. Залогом стабильного и гармоничного развития страны выступают взаимопонимание, стабильность и мир.

Мы не забываем уроков истории, поэтому как величайшую ценность храним единство нашего народа. Уверен, так будет и впредь.

Искренне поздравляю всех казахстанцев с Днём Победы!

Желаю всем крепкого здоровья, счастья, долгих лет жизни и мирного неба над головой!


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПЗРК: история, виды, перспективы

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков

ПТРК "Джавелин" - копье-убийца танков