Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үздік курсанттарға офицер шенін тапсырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үздік курсанттарға офицер шенін тапсырды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысып, үздік курсанттарға офицер шенін тапсырды.

«Ширек ғасыр уақыт ішінде біз мықты мемлекет құрдық. Жуырда ғана еліміз Біріккен Ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Халықаралық қоғамдастық Қазақстанға жер шарының қауіпсіздігін қамту жөнінддегі осындай жауапты қызметті сеніп тапсырды. Яғни, біздің еліміздің абыройы артып, беделі күшейді. Қауіпсіздік кеңесіндегі жұмыс енді Туымызды одан да танымал етеді», - деді Мемлекет басшысы Астананың туған күніне арналған шараларға ресми бастау бере отырып,

Ал, курсант түлектерді құттықтаған Мемлекет басшысы енді олардың оқу орнында алған білімі ел дамуына қызмет етсін деген тілегін білдірді.

«Елімізде мыңдаған түлек оқу бітіріп жатыр. Бірақ, сендер  Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне арналған салтанатты шараға қатысып, жаңа өмірге осы жерден жолдау алып отырсыңдар. Бұл бекер емес, себебі, сендер халық сыйлайтын маман иесі атандыңдар. Бұл - Отанды қорғау деген мамандық. Бірнеше жыл бойы оқып-тоқыдыңдар, енді бар білімдеріңді тәжірибеге айналдырып, ел дамуына үлес қосасыңдар. Қызметтерің сендердің мінездеріңді қатайтты, сондықтан, Отанды қорғау қызметін абыроймен атқарадыңдарыңа сенемін», - деді Н.Назарбаев.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Почему нельзя использовать сдвоенные рожки для автомата

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи