Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның XXIV сессиясына қатысты

Бүгін елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өз жұмысын бастады.

Бейбітшілік пен келісім сарайында басталған шараға 1500-ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында еліміздің барлық өңірлерінен келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық, өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, Үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының өкілдері, ғылыми, шығармашылық және интеллигенция өкілдері қатысып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, кеше ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өткен болатын. Алқалы  жиын барысында ол халқымыз үшін Ассамблеяның бұл сессиясы тағдыршешті болатындығын баса айтқан еді.

«Ол Ассамблея тарихындағы маңызды кезең болады. Біріншіден, сессияның «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» деп аталатын күн тәртібі Қазақстанды жаһандық трансформация мен экономикалық турбуленттік кезеңінде табысты дамытудың шарты ретінде бейбітшілік пен келісімді нығайтудың маңыздылығын көрсетеді. Екіншіден, сессия барысында 5 институттық реформаның «Бірегейлік пен бірлік» атты төртінші  бағытын жүзеге асырудың аралық қорытындысы шығарылады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру туралы есебі тыңдалады. Үшіншіден, сессия Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жылында өтеді және бұл тақырып күн тәртібін айқындаушы болады», - деген еді Г.Әбдіқалықова.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"