Елбасы Әзербайжан мен Армения президенттерін Таулы Қарабақтағы ахуалды ушықтырмауға шақырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен және Армения Республикасының Президенті Серж Саргсянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Әзербайжан және Армения басшыларымен телефон арқылы жеке-жеке сөйлесті. Екі елдің көшбасшыларымен әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Таулы Қарабақ аймағында таяуда болған оқиға барысында қарапайым адамдар мен әскери қызметішлердің қаза болуына байланысты көңіл айтты. Қазақстан Президенті екі ел басшыларын Таулы Қарабақтағы ахуалды ушықтырмауға және бейбіт келіссөздерді халықаралық құқыққа толық сәйкестікте қайта қалпына келтіруге шақырды. Бұл ретте ЕҚЫҰ-ның Минск тобына айрықша рөл беріледі. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері талқыланды.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"