Ел дамуының басты құжаты

5-ші қазанда ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» Президенттік полкіндегі» 0112 әскери бөлімінің жеке құрамы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын тікелей эфирден тыңдады.

Әрбір құрылым, әрбір бөлімше жауынгерлері теледидар алдына жиналып, Елбасының мемлекетіміздің саяси-экономикалық даму бағыттары туралы мәлімдемесімен танысты. Жолдау шыққан күннен бастап әскери бөлімде ел дамуының басты құжатын жеке құрамға түсіндіру жұмыстары жүруде. Полктегі барлық бөлімшелер мен күзетілетін объектілердегі, бекеттердегі тақталарға Жолдауда айтылған негізгі тұжырымдар мәтіні мен инфографика түріндегі көрнекі мәлімет ілінді.

Барлық санаттағы әскери қызметшілерге Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіру мақсатында жоғары оқу орындарының ғалымдары шақырылды. Мысалы, 12 қазанда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымы бойынша PhD Индира Рыстина мемлекетіміздің барлық салаларына қатысты Елбасы ұсынған бастамаларды түсіндірді. Ал әскери бөлімнің түрлі сала бойынша жетекші мамандары жаңа Жолдау негізінде еліміздегі әлеуметтік-экономикалық салада болатын өзгерістердің әскери қызметшілер жағдайына қаншалықты әсер ететініне түсініктеме берді.

0112 әскери бөлімінде Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру және ондағы нақты тапсырмаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасатын болады. Бөлімнің жеке құрамы өзінің күнделікті жауынгерлік қызметі барысында Елбасы Жолдауында белгіленген басым бағыттарды басшылыққа алып, мемлекетіміздің алдағы дамуына өз үлестерін қоса бермек.

Майор Айнұр НҰРМОЛДИНА

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"