Еліміздегі алғашқы әскери мектепке 20 жыл

Армия генералы С. К. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектебі өзінің 20 жылдығын тойлады. Осыған орай астаналық мектепте Қорғаныс министрлігі өкілдерінің, Қарулы Күштер ардагерлерінің және тәрбиеленушілердің ата-аналарының қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Мектептің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев маңызды мерейтоймен қатысушыларды құттықтады. Дәстүр бойынша ұландар мектептің туын шығарып, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры армия генералы С.К.Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Алғашқы «Жас ұлан» мектебі 1999 жылдың  наурыз айында ҚР Үкіметі Жарлығына сәйкес құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері үшін мектеп қабырғасынан болашақ командирлерді дайындайтын арнайы оқу орнын құру еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың идеясы болып табылады. Қазіргі кезде мектепте мемлекетіміздің түкпір- түкпірінен жиналған 425 ұлан білім алуда. Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларында тағы да үш «Жас ұлан» әскери мектептері жұмыс істейді.

Ұландар олимпиадаларда, әр түрлі жарыстар мен турнирларға белсене қатысады. Олардың жан - жақты дамулары үшін мұражай, театрлар мен спорттық іс-шараларға қатысуларын, атақты ғалымдар мен танымал спортшылармен кездесулер ұйымдастырылады. Одан әрі оқуларын жалғастыру үшін түлектер ҚР Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына жіберіледі. Сонымен қатар оқуды шет мемлекеттердің әскери оқу орындарында жалғастыра алады. Қазіргі кезде «Жас ұлан» астаналық мектебінің түлектері Қазақстан, Ресей, Беларуссия, Украина, Түркия, Қытай әскери оқу орындарында білім алуда.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

В России приступили к разработке нового прицела для стрелкового оружия

В России приступили к разработке нового прицела для стрелкового оружия

Гранатаның түрлері

Гранатаның түрлері