ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде 9 мыңнан астам полиция қоғамдық қауіпсіздікті күзетеді

ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде 9 мыңнан астам полиция мен әскери қызметші қоғамдық қауіпсіздікті күзетеді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

Оның айтуынша, Алматыда өтетін Универсиада кезінде 5,5 мың құқық қорғаушы қоғамдық тәртіпті жіті қадағалайтын болады.

«Өздеріңіз білетіндей, келесі жылы ЭКСПО-2017 мен Бүкіләлемдік универсиада сынды ірі шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тура келеді. Осыған орай, министрлік тарапынан қазіргі уақытта ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілуде. Көрме кезінде шамамен 9 мың, ал универсиада нысандарында 5,5 мыңнан астам қызметкер мен әскери қызметші тартылады», - деді Қ.Қасымов.

Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі өз қызметкерлеріне ағылшын тілін үйретіп, арнайы дайындық сабақтарынан өткізуде. Халықаралық шаралар өтетін нысандарда қазіргі уақытта өткізу режімі енгізілген және тексеру шаралары қолға алынған.

«Осынау халықаралық шараларға дайындық және оны өткізу барысында қауіпсіздікті дамтамасыз ету үшін өзге де кешенді шаралар жүзеге асырылуда», - деді министр.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"