Екіжақты ынтымаққа маңыз берілді

Астанада «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің отырысы өтті. Оның жұмысына әскери ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев қатысты.

Жиынға қатысушылар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындау және республикалық қоғамдық бірлестікпен қорғаныс ведомствосының бірлескен қызметін жақсарту жөнінде ұйымдастыру шараларының кешенін қарады. Отырыс қорытындысы бойынша «Қорғаныс министрлігі мен «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы» келісімге қол қойылды.

Бірқатар ардагерлер әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіру, даңқты әскери және жауынгерлік дәстүрді сақтау мен көбейту, әскери қызметтің беделін арттыруға сүбелі үлес қосқаны үшін 1 дәрежелі «Ел қорғаны» медальдарымен марапатталды. Отырысқа Орталық кеңестің басшылығы мен «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағалары қатысты.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

В России приступили к разработке нового прицела для стрелкового оружия

В России приступили к разработке нового прицела для стрелкового оружия

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства