Дариға Назарбаева сарбаздардың санын көбейтуді көздейді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен ҚР Парламенті Сенатының депутаты қызметіне ауысқан Дариға Назарбаева өткен жұмада ҚР Парламенті Сенатының алқа мәжілісінде Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы болып сайланды. Төрайым бірден қорғаныс саласына қатысты мәселелерге көңіл бөлетінін жеткізді.

Оның кандидатурасын ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды. Қаулыны депутаттар бірауыздан қолдап, жаңа төрайым сайланды. Өз кезегінде төраға комитет төрайымы ретінде Дариға Нұрсұлтанқызының сенаттың жұмысына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

«Меніңше сенаторлық қызмет – өте жауапты әрі қызық жұмыс. Ол мен үшін таңсық емес. Бір қуантарлығы, мен жаңа саламен айналысатын боламын. xалықаралық қатынастар, қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері мойнымда болады. Алда әлі қызық жұмыстар күтіп тұр», - дейді жаңа төрайым журналистерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол сенатта қандай жұмыстарды бірінші қолға алатынын айтып берді.
«Ең бірінші неден бастаймын?! Егер қорғаныс туралы айтатын болсақ, Үкіметте біз жастардың ісін көтерген болатынбыз. Мектеп бітірген жастар арасында колледжге де, жоғары оқу орындарына да түспейтіндер көп. Олар жұмыссыз қалады. Осы тұрғыда статистикалық мәліметтер өте нашар. Жыл сайын мектеп бітірген 24 мыңға тарта түлек еліміздің не экономикалық, не әлеуметтік кеңістігіне ене алмауда. Мен келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскерилерді қысқартып, жедел әскери қызметке қабылданатындардың санын көбейтуді көтергім келеді. Жастар әскерде міндетін атқаруға мүмкіндік беру керек. Жаңа мамандықтарды меңгеріп алар еді», - деді ол. 

Дариға Назарбаеваның айтуынша, одан армия да, мемлекет те одан ұтады.

«Келісімшарттағылар бізде өте көп. Ауыл жастары үшін бұл әлеуметтік лифт болады. Бір жылдың ішінде барлығын меңгеру, игеру аздық етеді.Сенатта әскери міндет екі жыл болсын дегендей сұрақтарды да көтереміз», - деді сенатор.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"