Бірлескен іс-қимыл пысықталуда

Қырғызстанда ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері «Жауынгерлік бауырластық – 2018» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы шеңберінде өткізілетін «Өзара іс-қимыл – 2018» ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерімен бірлескен оқу-жаттығуға қатысуда.

Оқу-жаттығу ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүфесі күштері мен құралдарының басқару органдары мен құралымдардың жедел және жауынгерлік даярлығының бірлескен іс-шаралары жоспарына сәйкес өткізіледі. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты ҰҚШҰ ҰЖДК-ның басқару органдарын даярлау, оқу-жаттығуға қатысатын бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін жетілдіру, жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыруда бөлімше командирлерінің практикалық машықтары мен шеберліктерін тексеру, сондай-ақ заңсыз қарулы құралымдарды жою бойынша бірлескен операцияда бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл болып табылады.

ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштері оқу-жаттығу барысында аумақтық тұтастықты қалпына келтіру және ҰҚШҰ-ның шартты мүше мемлекетінің конституциялық сапын қорғау мақсатында қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операцияны жүргізеді, заңсыз қарулы құралымдарды, оның ішінде, Сирия Араб Республикасында алынған жауынгерлік тәжірибені ескере отырып, жою бойынша тапсырмаларды пысықтайды. «Өзара іс-қимыл – 2018 оқу-жаттығуына 3000-нан аса әскери қызметші, 600-ге жуық бірлік техника, шамамен 40 әуе кемесі мен 6 ұшқышсыз ұшу аппараты қатысуда.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"