БҚО-да қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы ауысты

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен полковник Амангелді Кинешпайұлы Қаленов БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Департамент баспасөз қызметінің бастығы А.Жансейітованың хабарлауынша, А.К.Қаленов 1972 жылы 22 маусымда Алтай өлкесінде дүниеге келген. Әскери қызметін 1994 жылы бастаған ол ҚР Қарулы күштерінің әскери бөлімдері мен жергілікті әскери басқару органдарында түрлі лауазымдарда болды. БҚО-ға Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығынан ауысып келді.

Жаңа басшыны департамент ұжымына таныстырған ҚР Қарулы күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник М.Дарманқұлов Елбасы, Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға ұдайы көңіл бөлетінін, осыған орай Қазақстан азаматтарын әскери борышын өтеуге жұмылдыру жергілікті әскери басқару органдарының басты міндеті болып қала беретінін атап көрсетті.

Осыған дейін БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы қызметін атқарған полковник Альберт Жақияев Атырауға дәл осындай қызметке ауысты.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"