Бауыржан Момышұлы туралы қызықты естеліктер

Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы туралы көптеген қызықты естеліктер келіні, жазушы Бақытжан Момышұлының жан жары Зейнеп ападан жеткені белгілі. Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» атты кітабынан Бауыржан Момышұлы туралы қызықты естеліктердің бір парасын ұсынамыз.

– Балашка шайың бар ма? - деген дауыс ойымды бөліп жіберді Атамның жақсы тынығып, сергек тұрғанын біле қойдым. Неге десеңіз, көңіл-күйі өте жақсы кезде мені «балашка» дейді, бір қалыпты болса «балам», ал ренжи бастаса «Зейнеп» тіпті ашуға мінгенде «турчанка» деп айқайлайды.

 

                                                         ***

Тура қақаған қыстың ортасында етігімнің сыдырмағы ажырап кетті. Әрі – бері шұқылап көріп едім, қолымнан келер емес. Амалсыздан күздік туфлиімді киіп, етігімді шеберханаға апардым. Жол-жөнекей талайлар аяғыма көз тастап өтіп жатыр. Пендешілікпен бір түрлі қорынғандай болып үйге жеткенше-ақ еңсем түсіңкіреп қалды. Есіктен кіргенде атам коридорда телефонның қасында тұр екен. Жіті көзбен бая-аяғымды бір шолып өтіп:

– Әй, балам, мынау қандай сән?- деді.

– Етігімнің сыдырмағы бұзылып… соны…

– А, сәнің бе десем, салақтығың екен ғой, жазда күн қайнап тұрғанда қыс хабар беріп: «тоны жоққа сәлем айт, етігі жоққа өзім барам» демеп пе еді?

Әлгіндегі көңілдің көлеңкелене қалған түйткілі лезде ғайып болып, ал кеп күлейін. Алайда атама тән осы екі ауыз қызық сөздің өзінде ақыл да, тәрбие де бар болатын.

                                                   *** 

...Мезгіл түске таяп қалған. Газ плитасына шай қойылып, қайнағанша бүгінгі газеттерді қарап отыр едім, есік сынып кетердей тарсылдады. Үйде жалғыз отырған соң әрі әдеттегіден тыс мына тарсылдың өзгешелігі шошытып жіберді. Тапа-тал түс болса да есікке келіп: 

–        Бұл кім? – дедім.

– Мен! Атаңмын! Бар, киін! – деді күн күркірегендей үн есіктің сыртынан.

Алғашқы қорыққаным қорыққан ба, зәрем ұшты. «Бар, киін» деген сөздің байыбын бірден ұға алмай, үйде киіп жүретін халатымның түймесін бір салып, бір ағыттым. Киім салатын шкафқа жүгірдім. Сасқалақтап, киімдерімді жұлмалап, әлекке түстім де қалдым. Дегенмен өзіме-өзім «сабыр-сабырлап» үстіме жеңі ұзын көйлек, басыма орамал, аяғыма шұлық тауып кидім. Барып есік ашып, ата-бабамның салтымен иіліп сәлем салдым. 

– Бақытты бол, балам! - деп қолын болар-болмас басыма тигізіп, бөлмеге кірді. Ата жалғыз емес, қасында бір кісі бар, өң-түсінің қандай екенін көргенім жоқ, бірден басымды көтеруге батылым жетпеді...»


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"