«Батыс» өңірлік қолбасшылығының оркестрі Қазанда қазақ әндерін орындады

Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының құрама оркестрі Татарстан астанасы Қазанда өткен V халықаралық «Фанфары Казани» музыкалық үрмелі аспаптар оркестрлері фестивалінің дипломанты атанды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен майор Ерболат Сұлтановтың хабарлағанындай, бұған дейін бүкілресейлік деңгейде өтіп келген аталмыш шара биыл «Батыс» өңірлік қолбасшылығының оркестрі қатысқаннан кейін халықаралық атағын иеленді.

«Қазан Кремлі» музей-қорығында екі күнге созылған фестивальге Ресей қалаларынан әскери ұжымдармен қатар азаматтық музыканттар да қатысты. Құл-Шәріп мешіті алдындағы алаңда өткен фестивальдің ашылу салтанатында «Қазан Кремлі» музей-қорығының директоры Зиля Валеева, Татарстан Республикасы ІІМ мәдени орталығы оркестрінің дирижеры, Татарстанның халық әртісі, ішкі қызмет подполковнигі Марат Қадыров,  ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшылығы оркестр қызметі орталығының бастығы, подполковник Асхат Мұхамедьяров аталмыш шараның отаншыл рухты көтеріп, достықты насихаттаудағы маңызы зор екендігін атап көрсетті.

Құл-Шәріп мешіті алдындағы алаңда болған плац-концертте «Батыс» өңірлік қолбасшылығының құрама оркестрі де өнер көрсетіп, қазақ әндерін әуелетіп, өзге де туындыларды орындады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"