Батырдың сүйектері елге жеткізілді

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында қаза болған қазақстандық сарбаздың сүйегі Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді.

Іздестіру ұйымының белсінді жұмысының арқасында Ұлы Отан соғысы жылдарында ұрыс даласында қаза болған тағы бір қазақстандық сарбаз гвардия лейтенанты Өксікбай Базарбаевтың есімі белгілі болды. Офицер 39-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы, 12-гвардиялық атқыштар полкі атқыштар взводының командирі болған. Жас кезінде соғысқа аттанған ол, Украинаны азат ету жолында қаза тапқан.
Сұрапыл соғыс жылдарында қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендердің аттарын мәңгі есте сақтау мақсатында Қорғаныс министрлігі,  іздеу ұйымдарымен өзара қызмет етуде. Осы мақсатта Қарулы Күштердің әскери-тарихи мұражайында іздестіру-экспедициялық бөлімшесі жұмыс істейді.
Жауынгердің сүйегі әскери рәсімдерді сақтай отырып Түркістан облысы Түлкібас ауданы Алғабас ауылында қайта жерленеді.
Сарбаздың сүйегі Қарулы Күштер Әскери-әуе күштерінің және Ұлттық ұланның әскери-көліктік бортымен жеткізілді.  



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"