Баспана мәселесі – басты назарда

Әскери қызметшілер мен әскери зейнеткерлерді баспанамен қамтамасыз етуге қатысты тұрғын үй заңнамасындағы жаңа қағидаларды түсіндіру мақсатында ҚР Қорғаныс министрлігінде құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының шешімінің арқасында енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекет ипотекалық заемдар бойынша әскери қызметшілердің міндеттемелерін өз мойнына алады. Әзірленген модельге сай 2018 жылғы қаңтардан бастап ҚР ҚК-ның әскери қызметшілері екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі бағдарламалары аясында жеңілдігі бар ипотекалық несиені (заемды) пайдалана және оны көрсетілген төлемдер арқылы өтей отырып, Қазақстанның кез келген өңірінде жеке меншікке баспанаға алуға мүмкіндік беретін тұрғын үй төлемдерінің жүзеге асырылуын қарастыратын заманауи жүйеге көшірілді.

Осыған орай, жаңа тұрғын үй заңнамасын түсіндіру, оның бұрыс түсіндірілуін болдырмау, әскери қызметшілер мен әскери зейнеткерлердің өздерінің құқықтарын уақтылы заңды іске асырулары мақсатында 2019 жылғы қаңтардың 21-і мен ақпанның 10-ы аралығынла әскери прокуратура өкілдерімен бірлесе жұмыс тобының Аягөз, Сарыөзек, Жаркнет, Қапшағай, Шеңгелді, Жетіген, Алматы, Гвардейск, Тараз, Луговой, Шымкент және Арыс гарнизондарына шығуы жүзеге асырылуда.

Жаңа тұрғын үй заңнамасының нормаларына сәйкес күнтізбелік есептеуде 2013 жылғы 1 қаңтарда еңбек өтілі 10 жылдан асатын, бірақ 20 жылдан кем болатын әскери зейнеткерлер барлық мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары сияқты қалдық баға бойынша тұрып жатқан баспаналарын жекешелендіруге құқылы.

         Алайда, осы адамдардың бір бөлігі тұрып жатқан баспаналарын жекешелендіруге мүмкіндіктері жоқ. Себебі, олар жабық әскери қалашықтарда орналасқан және жекешелендіруге жатпайды.

Қосымша аталған санат үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан сатып алу арқылы баспананы жекешелендіруге олардың құқықтарын іске асыру мақсатында тұрғын үй заңнамасына түзетулер енгізілді және жекешелендіруге жататын баспананы ауыстыруға мүмкіндік берілді.

Егер олар мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы меншікке ақысыз алуға құқықтары бар азаматар санатына жатса (Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ, Арал маңындағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккендер, жарақат, контузия, мертігу және т.б. салдарынан мүгедек болып қалған 1 және 2-ші топтағы мүгедектер) ауыстырылған баспананы ақысыз жекешелендіруге құқылы.

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік мәселелерді шешудегі бүгінгі күннің жағдайын түсіне отырып, қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алуда. Тұрғын үй заңнамасына жаңа енгізілімді енгізу тәжірибесі жетекші әлем армияларын әлеуметтік қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесіне сай келеді және жетілдіруге әрі қарайғы әлеуеті бар.

Баспанамен қамтамасыз етудің жаңа моделі іске асырылғаннан бастап ҚР ҚК-ның 37 мыңнан аса әскери қызметшісі арнайы шоттар мен депозиттер ашты, әскери қызметшілердің 2000-нан аса отбасылары еліміздің түкпір-түкпірінде жеке меншік баспананың иелері атанды, жекешелендіруге жататын баспанаға ауыстыру жүзеге асырылды (Астана, Сарыөзек, Семей, Өскемен, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау, Аягөз, Арыс, Шымкент).

Әскери қызметшілер мен әскери зейнеткерлерді баспанамен қамтамасыз ету тәртібі туралы қосымша қажетті ақпарат Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz ресми ресурсындағы «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөлімінде орналастырылған. Онлайн-консультацияны қорғаныс ведомствосының сайтында көрсетілген «қауырт желінің» нөмірлеріне телефон шалу арқылы алуға болады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"