"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасында әскери қызметшілердің балалары өздерінің ата-аналарына қолдарынан шыққан көркемсуреттерін сыйлады.
Оларды әскери қызметшілер фойедегі стендтерден тамашалады. Бұл туындылардан балалардың отбасы мүшелеріне деген махаббатын аңғаруға болады.
Қолбасшылықтағы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметінің басшысы Елена Кучукова суреттер байқауына белсенді қатысқаны үшін әскери қызметшілерге алғыс айтып, балаларды мақтау қағаздарымен марапаттады. Ол осындай іс-шаралар отбасын да, әскери ұжымды да біріктіретініне сенімді.
Осы суреттердің арқасында қызметтестері өз әріптестерінің балаларының шығармашылығы туралы білді, оларды жаңа қырынан таныды.